Александр Бородюк: «Қазір бір ғана мақсат бар – маусымға дайындалу»

Александр Бородюк: «Қазір бір ғана мақсат бар – маусымға дайындалу»

«Қайрат» ФК бас бапкері Александр Бородюк клубтың ресми сайтына сұхбат берді. Баспасөз-қызметі өкілдерімен болған әңгімеде Александр Бородюк командамен жұмыс жасау барысында алған әсерімен бөлісіп, сондай-ақ, алдағы қарсыластар мен ұжымды жинақтау тәртібі туралы толығырақ айтып берді.

– Әрине, жұмыс командамен танысудан басталды: жігіттер маған, менің жұмысыма өте сақтықпен қарады деп ойлаймын. Бұл аптада танысу жұмыстары болды, бір-бірімізді түсінуіміз маңыздырақ.

– Өткен аптада ұжыммен тіл табыса алдыңыз ба?

– Уақытымыз көп бола қойған жоқ, негізгі бапкерлер ресми ойындар басталған кезде командаға жақынырақ болады. Мен футболшылардың психологиясын білемін, демалыстан кейін үлкен жұмыстарды жасау қиынға соғады, бұған біреулердің көңілі толмауы мүмкін, бірақ бұл өте қалыпты үдеріс.

– Түркиялық жиын басталып кетті, осы ОЖЖ-дағы мақсат қандай?

– Мақсатымыз біреу ғана – жаңа маусымға дайындалу, кондициямызды жинап, физикалық деңгейде қажетті деңгейге жету. Базада жігіттерді түркиялық жиынға дайындадық, бірінші жиында аэробтық жұмыстарды көбірек жасау қарастырылды, яғни, барлығын демалыстан соң жақсы қалпына қайта келтіру үшін жұмыс жасадық. Қазір «доппен» ойнау жұмыстарын жоспарлап отырмыз.

– Түркиялық жиында үш спарринг жоспарлануда. Қарсыластарыңыз кім болады және неге сол командалар таңдалды?

– Бірінші матчта немістерге қарсы ойнаймыз – «Ваттеншайд». Неге  оларды таңдадық дейсіз бе? Бұл іске асушылық қағидасы. Біз ортаңқол қарсыластардан бастаймын, олар үшінші Бундеслигада ойнайды, бірақ жақында чемпионаттарын бастайды, сондықтан олардың физикалық қалпы жақсы деп ойлаймын. Бізге өзіміздің физикалық дайындығымызды тексеруіміз қажет, оның үстіне, «Қайраттың» жекпе-жектерде ойнай алатын командаға қарсы не істейтінін білуіміз керек. Олардың деңгейлері төмен, бірақ допқа күресте неміс командалары ешкімнен жаман емес. Футболшылардың осы жағдайда не істейтінін көргім келеді.

Екінші ойында швециялық «Карлштадпен» күш сынасамыз, ал үшінші кездесуде венгриялық «Ньиредьхаза» командасымен ойнаймыз. Үшінші жиында мықты қарсыластармен кездесуге тырысамыз. Біздің арнайы дайындығымыз бар, футболшыларды оңтайлы физикалық қалпына келтіріп, физикалық тұрғыда басқаша жұмыс жасатуымыз керек. Мықты қарсыластармен ойнағанда жақсы жақтарын да, жаман тұстарын да көруге болады, сондықтан шешуші жиында мықты қарсыластармен үш кездесу өткіземіз.

– Қазақстан чемпионаты ерте басталады, демек көп командалар жасанды алаңдарда ойнайды. Бұл туралы не айта аласыз?

– Білесіз бе, бәрі бірдей жағдайда болады – тек мінезге байланысты. Маған Фергюсонның айтқан бір сөзі ұнап қалды, ол команданы жинақтап жатқанда қатқыл мінезді тайсалмайтын футболшыларға иек артатын мәлім еткен. Ең маңыздысы, іште біліктілік болу қажет. Егер «Қайраттың» футболшылары заманауи футболда бар күшін салу ойнау қажеттігін түсінсе, біз дұрыс жолда келе жатырмыз деген сөз. Алаңда ойыншылар шығады, ал менің мақсатым – оларды дайындау және бағыттау.

Ұлы спортшы Усейн Болттың жақсы дәйексөзі бар, оның айтуынша, өз денесі бірнеше рет жаттығуды аяқтауын «сұраған», бірақ ақыл-ойы жалғастыра беру керектігін айтыпты. Ақыл-ой денені жеңгенде ғана ол нағыз спортшы болады.

Спортта жеңумен қатар, жеңілу де бар, бірақ жанкүйерлер команданың соңына дейін күрескенін көрсе, команда қолдаусыз қалмайды. Ал егер, команда алаңда құр жүріп, дым бітірмесе, бір де бір жанкүйер кешірмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или