Григорий Сартаков жарақат алды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы мен «Ертістің» қорғаушысы Григорий Сартаков жаттығу барысында жарақат алды.

Бұл туралы ойыншының өзі «PROСПОРТ» тілшісіне айтып берді.

Жарақаттың қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз. Бірақ ойыншының Достастық кубогының қалған кездесулеріне қатыспайтыны белгілі болды. Жақын арада Сартаков өз үйіне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Санкт-Петерборда Достастық кубогы өтуде. Серік Әбдуалиевтің командасы жарыстың бірінші матчында Молдовадан ұтылған болатын. Енді бүгін Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или