Қожағапанов Петропавлда футбол орталығының ашылуына қатысты

17 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы президенті Ерлан Қожағапановтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды.

Бұл туралы ҚФФ ресми сайты мәлім етті. Жексенбі күні Ерлан Тоқтарханұлы Петропавл қаласында футбол нысандарын аралап, шаһардың инфрақұрылымымен танысты. ҚФФ өкілдері балалар жаттығатын «Жастар» стадионы мен «Қызылжар» клубы ойнайтын «Қарасай» стадионына да барды. Сонымен қатар, футболшылар қысқы уақытта дайындалатын Александр Винокуров атындағы Спорт сарайынмен танысты.

Дүйсенбі күні ҚФФ президенті Спорт сарайында «Қызылжар» клубының футбол орталығының салтанаттты ашылу рәсіміне қатысты. Футбол орталығына балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен 280 бала ауысты.

Елімізде футбол орталықтарының саны 16-ға жетті. Олар барлық облыс орталықтары мен Астана қаласында орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или