Николай Иванов: «Нәтиже – бір ойын емес, даму жолы»

Николай Иванов: «Нәтиже – бір ойын емес, даму жолы»

10 қазан күні Астанада Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің J тобы аясында Лихтенштейнмен кездеседі, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы матчтарға қатысты өз пікірін қазақстандық футболдың тәжірибелі маманы Николай Иванов білдірді.

— Мұндай жағдайда мен тіпті нәтижені талқылағым келмейді. Нәтиже дегеніміз не? Егер бір ойында жеңіп, сонымен бәрі бітті десек — бұл нәтиже емес. Менің түсінігімде нәтиже — бұл жол. Бұл жолмен федерация мен жаттықтырушылар штабы біздің футболды дамытып, ұлттық құраманы қалыптастырып келеді. Лихтенштейн мен Солтүстік Македониямен ойын — сол ұзақ жолдағы бір ғана кезең.

Сәттілік тілеймін. Бірақ ең басты сәттілік — өзіміз қойған мақсаттарға жету, құраманың сапасы мен деңгейін көтеру. Жеңілістен трагедия жасаудың қажеті жоқ, бастысы — қорытынды шығарып, алға жылжу. Бұл жолда сүріну де мүмкін, бірақ қайта тұрып, сенімді қадаммен алға басу керек.

— Бұл құраманың даму стратегиясы болуы тиіс. Ал әзірге бұл тұрғыда сұрақ көп. Команданы алға бастайтын жетекші нақты бағытты айқындауы қажет. Бағдарлама талқыланып, бекітіліп, содан кейін барлығымыз бірігіп нәтижеге жетуге ұмтылуымыз керек, — деді Иванов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или