Маркос Пиззелли Сауд Арабиясының клубына ауысты

Қазақстандық «Ақтөбеден» кеткен Маркос Пиззелли мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады.

Армения құрамасының 31 жастағы жартылай қорғаушысы «Аль-Раед» клубымен келісім-шартқа отырды. Келісімнің қай уақытқа дейін жасалғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Маркос Пизелли 2014 жылдан бері «Ақтөбенің» намысын қорғаған. Ол ақтөбелік клубтың сабында өткізген 60 матчта 12 рет қанжығасын майлады.

Сауд Аравия чемпионатының 13-турынан соң «Аль-Реад» 10 ұпай жинап, 12-ші орында келеді. Ал чемпионатта 14 команда қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или