Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
Италиялық маман Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
52 жастағы италиялық маман көршілерімізді 2026 жылғы Әлем чемпионатына алып барады.
Каннавароның ол жақтағы бір жылдық жалақысы 4 миллион еуроны құрайды деп күтілуде. Фабионың штабына тағы үш италиялық бапкер қосылды.
Фабионың соңғы жұмыс орны «Динамо Загреб» болды (14 матч). Оған дейін Қытайдың бірнеше клубын және ұлттық құрамасын, «Әл-Наср»,«Беневенто», «Удинезе» клубтарын жаттықтырды.
Оған дейін Өзбекстан ұлттық құрамасында бас бапкер Сречко Катанец пен Тимур Кападзе болып, тарихи жолдамаға қол жеткізген еді.
Ұлыбританияда 22 жастағы футболшы қайтыс болды
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или