Абзал Таубай: «Достастық Кубогында» намысқа тырысамыз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстан жастар құрамасы мен жамбылдық «Тараз» футбол клубының жартылайқорғаушысы Абзал Таубай «Достастық Кубогы» атты халықаралық турнир жайлы айтып берді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Командада көңіл-күй өте тамаша. Екі бірдей жолдастық кездесу өткіздік. Бапкер бар білгенін үйретіп жатыр. Біз оның айтқандарын екі етпей орындауға тырысудамыз. Қарсыластардың барлығын біліп отырмыз. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл турнирде оңай қарсылас жоқ. Барлығы өзін көрсетуге келіп отырғандар. Біз өзі қазақтар намысшыл халықпыз ғой. Соныдақтан, намысқа тырысып, жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймын. Жігіттердің барлығының ойы осы. «Достастық Кубогында» жүлдеге ілігіп жатсақ жаман болмас еді, әрине», - дейді жас ойыншы kazfootball.kz сайтына берген сұхбатында.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или