Кирилл Комбаров «Қайратқа» ауысуға жақын

Мәскеулік «Спартактың» «Торпедо» клубында жалда жүрген ойыншысы Кирилл Комбаров алматылық «Қайраттың» сапын толықтыруы мүмкін.

Бұл туралы fansektor.kz сайты хабарлады. 28-жастағы ресейлік қорғаушы «Қайратқа» ауысуға жақын. Алайда келіссөздер әлі басталған жоқ.

Айта кетейік, Кирилл Комбаров 2006—2010 жылдар аралығында мәскеулік «Динамо» клубында өнер көрсеткен. Барлығы 101 ойын өткізіп, 7 мәрте көзге түскен. Ал 2010жылы басқа мәскеулік команда «Спартакқа» ауысады. Бұл клубтың сабында 73 кездесуге қатысады. 2014-2015 жылғы маусымды «Торпедо» командасында жалды өткізеді: 23 матчта 3 гол соққан. 2007-2008 жылдары Ресей жастар құрамасының сабында 11 ойын өткізген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или