«Атырау» швейцариялық клубтан ұтылып қалды

«Атырау» швейцариялық клубтан ұтылып қалды

«Атырау» алғашқы жолдастық матчында швейцариялық «Wil 1900» клубынан жеңіліп қалды.

Бұл туралы атыраулық клубтың ресми сайты мәлім етті. Алғашқы матчта «Атыраудың» бапкерлік штабы жиынға келген барлық футболшыны ойнатты. Атыраулық клубтың жас тәрбиеленушілері де өзін көрсетуге мүмкіндік алды. «Мұнайшылар» қос таймда әр түрлі құраммен өнер көрсетті. Ал матч аяқталарда қазақстандық клуб сапында бес жас футболшы болған.

Матчтың есебін 29-минутта швейцариялықтар Жуселин Руукстің көмегімен ашты. Екінші таймда қазақстандықтар таразы басын теңестірді – Владимир Аржанов айып соққысын дәл орындады. Алайда кездесу аяқталар тұста «Wil 1900» жеңісті жұлып әкетті.

«Атырау» келесі жолдастық матчын 18 қаңтарда өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

«Атырау» - «Wil 1900» 1:2 (0:1)

Голдар: Руукс, Стиллар – Аржанов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или