«Ақтөбе» футбол клубының өз телеарнасы болады

«Ақтөбе» футбол клубының өз телеарнасы болады

«Ақтөбе» футбол клубы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығуды бастады. Биылғы футбол маусымында Украина мен Африкадан ойыншылар келуі мүмкін. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Ақтөбе» командасының құрамы мен олардың жалақысы, кадрлық өзгерістер туралы айтылған баспасөз мәслихатына тілшілермен қатар футбол жанкүйерлері шақырылды. Бұған дейін Ақтөбеден Астанаға ауысқан медиа-офицер Марат Жұмабаев қайта оралып, Асылбек Қуанышев клубтың бейнетүсірілімдеріне жауап беретін болды. Бас директоры Дмитрий Васильевтің айтуынша, клубтың өз телеарнасы құрылады. Команданың ресми сайты қазақ тілінде де ақпарат таратады. «Қазір ойыншылар Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарында жүр. 9 футболшы трансферге шығарылды. Кейбірінің агенттерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта Украина мен Африкадан да футболшылар келуі ықтмалы», - дейді Д.Васильев.

Бас директордың айтуынша, негізгі құрамдағы ойыншылардың кем дегенде алтауы жас аяқдапшы болады. Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың нұсқауымен атқарылған жұмыс. «Ақтөбе» командасының алғашқы ойыны Қобыланды батыр атындағы стадионда өтуі үшін барлық қажетті шаралар қолға алынды. Жоспар бойынша алаңды 1-сәуірде пайдалануға беру қажет. Мұнда қазір ресейлік мамандар еңбек етіп жүр»,- дейді клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, негізгі билеттердің құны 300-1500 теңге аралығында болады. Ал орталық сектордағы орындардың құны 3 мың теңге болады деп жоспарланған. Бұл барлық билеттің 10 пайызын құрайды. Биылғы «Ақтөбе» футбол клубының негізгі бюджеті 2 миллиард теңге болып бекітілді. Оның 800 миллион теңгесі өткен жылдан қалған қарызды өтеуге жұмсалады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или