Юрий Лодыгин: «Тимощуктың жоқтығы қатты сезіледі»

Ресейлік «Зенит» футбол клубының қақпашысы Юрий Лодыгин Катар елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында алматылық «Қайраттың» ойыншысы Анатолий Тимощуктың жоқтығы қатты сезілетінін айтып берді.

«Тимощук — бәрімізге қолдау көрсететін, алайда жаттығу барысында салмақты болатын, әрі қалжыңдаспайтын, — деп жазады Лодыгин «Зениттің» ресми сайтындағы өзінің күнделігінде . — Ал дайындық біте салысымен, баяғы әдетінше қалжыңға басып, командаластарын күлдіртетін. Оның осы қасиеті маған ұнайтын. Бір-бірімізге барынша көмектесіп, ақыл-ойымызбен, тәжірибемізбен бөлісіп отыратынбыз. Әрине, менің оған жол сілтейтіндей тәжірибем жоқ еді. Қазір біреумен сырыңды бөліскін келсе, ешкім жоқтай. Жалғыз өзім қалғандай сезінемін.

Кейде жаттығу барысында қосымша жұмыстарсыз-ақ бүкіл денең ауырып қалады. Ал Тимомен бірге жүргенде ондай болмайтын! Жарайды, ол кезді қайта оралта алмаймыз. Әлі күнге дейін сөйлесіп тұрамыз. Ол менің, мен оның өмірін бақылап отырамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или