Иван Азовский: «Директорлық мәртебеме қарамай, жаттығу жиынына қатысамын»

Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының директоры Иван Азовский Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына жаңа футболшылар және бас бапкердің таңдауы туралы айтты.

- Иван Геннадьевич, командаңыз бірнеше күндер бойы Бірыңғай Араб Әмірліктері елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Қай футболистермен келісім-шартқа отырдыңдар?

- Толығырақ айта алмаймын, бірақ өткен маусымда ойнағандардың көбі командада қалды, Бірнеше күннен кейін олармен келісім-шартқа отырамыз, деп ойлаймын. Тағы да басқа елдердің футболшыларын қараудамыз. Мысалы, Венгрия, Сербия, Нигерия, Франция, Кот-д'Ивуар және Белоруссия елдерінен ойыншылар бар. Марко Джалович, Боти Демель, Дидье Кадио секілді футболшылар жақын арада бізде ойнады. Оларды да шақырдық.

- Жаңадан келген қазақстандық футболшылар бар ма?

- Негізінде ойыншыларымыз командада қалды. Соларға қоса, Бірінші лигадан келген футболшылар да байқауға келген. Солардың қатарында Утробин, Вяткин және Шабаев бар. Біз кез-келген футболшыға өзінің қабілетін дәлелдеуге мүмкіндік береміз.

- Өкінішке орай, Саят Сариев "Алтайға" кетті.

- Егер ол "Астана", "Тобыл" немесе "Ақтөбе" секілді мықты командаларға кетсе, осы футболшыны айырулардың қатарына қосар едім. "Алтай" сондай мықты командаларға әзірше жатпайды.

- Жаңа бапкер Алмас Құлшынбаев туралы айта аласыз ба?

- Біз екеуіміз бір жыл бойы командада жұмыс атқардық. Ол менің талаптарымды, бапкерлік әдістерімді біледі. Сондықтан басқа маман іздеудің қажеті шамалы. Құлшынбаев - мықты және қазіргі заманға сай жаттығу жиынын өткізетін бапкер.

- Енді сіз - клуб директоры. Сіздің жұмысыңызда не өзгерді?

- Менің ойымша, ештеңе де өзгермеді. Тек жаңа жұмысым қосылды. Директорлық мәртебеме қарамай, команданың жаттығу жиынына қатысамын. Жаттығу алдында футболдын тыс мәселелерді шешемін, ал содан кейін алаңға шығамын. Басында сондай жұмысты атқару оңайға соққан жоқ, бірақ тез үйреніп қалдым.

- Команданың келесі шетелдік оқу-жаттығу жиыныны қайда өтпек?

- Ақпан айының 6-шы және 26-шы күндері аралығында Түркияда боламыз. Жаңа футбол маусымы басталмақ бұрын Талдықорғанда жаттығулар өткіземіз. Жақында жаңа жасанды футбол алаңын сол қалада төселді, сондықтан енді Алматыға баруға қажеті жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или