«Ақтөбенің» жағдайы көңіл көншітпей тұр

«Ақтөбенің» жағдайы көңіл көншітпей тұр

Бүгінде қазақ футболында чемпиондық атақ немесе сан түрлі жүлделер команданың жарқын болашағына кепіл бола алмайды. Кез келген клуб үлкен дағдарысқа ұшырап, төменге құлдырап кетуі қазіргі таңда таңқаларлық жайт емес.

Павлодарлық «Ертіс», қостанайлық «Тобыл», қарағандылық «Шахтер», бір жылдары жүлдегер атанып жүрген талдықорғандық «Жетісу»... Семейлік  «Елім-ай» мен астаналық «Жеңістің» мүшкіл жағдайын айтпай-ақ қояйық. Бұлар бірнеше жыл бұрын ғана жоғары орындарға таласып, тіпті чемпион атанған командалар. Ал олардың қазіргі жағдайын көргілеріңіз келсе, былтырғы маусымның турнир кестесіне қарасаңыз жеткілікті. Біздің айтпағымыз, бұл емес. Тізімге жақын арада тағы бір атышулы клубты қосуымыз мүмкін – «Ақтөбе».

Ақтөбелік клубтың қазіргі қиын жағдайы маусым аяқталғалы сан рет айтылды. Әлі де айтыла бермек. Жаңа маусым алдында клубтың бюджеті екі есе қысқартылған.  Осылайша команда сабынан жетекші ойыншылардың бәрі кетіп қалды. Енді ақтөбелік жанкүйерлер сүйікті командасының тағдырына алаңдаулы. Жақында «Ақтөбенің» бас директоры жанкүйерлермен брифинг-кездесу өткізіп еді. Сол кезде айтылған ақпараттарға тоқталсақ.

Клуб Марат Хайруллин мен Артурас Жулпаның  жалақысын көтере алмайды, сондықтан бұл футболшылар командадан кетеді. Ал қорғаушы Айоделе Аделейемен келіссөз жүргізілуде. Бірақ оның ақтөбеліктер құрамында қалуы екіталай.

«Ақтөбе» алдағы маусымда «Lotto» фирмасының жейдесін киеді, команда «Adidas» секілді қымбат фирманың қызметінен бас тартыпты.

Сондай-ақ, командада қақпашы қалмады. Бұрынырақ клубтан Алмат Бекбаев кеткен, қалған екі голкипер Стас Покатилов пен Станислав Павлов та көп ұзамай басқа клубқа ауысты.

Оның үстіне, клуб алдағы маусымда стадионның билеттерін 3000 теңгеден сатуды жоспарлап отыр. Клуб басшылығының айтуынша, бұл командаға қаржылық тұрғыда үлкен көмек болмақ.

Ал ең маңыздысы, «Ақтөбенің» алдағы маусымда қойған мақсаты болып отыр. Команда соңғы он жыл бойы алдына тек чемпион болуды мақсат қылған еді, алайда биыл клуб үздік төрттікке кірсе, соны қанағат тұтпақ. Иә, дәл қазіргі жағдайда бұл көрсеткіш те команда үшін үлкен жетістік болмақ.

Тағы бір айта кетерлік жайт, командадағы футболшылардың айлығы 3 миллион теңгеден аспайды. Жалпы есеппен алғанда, ойыншылардың бір айлық жалақысы 1-1,5 миллион теңгені құрамақ. Салыстырмалы түрде алайық, Маркос Пиззелли «Ақтөбеде» айына 75 мың доллар жалақы алған (доллардың қазіргі бағамымен есептесек, бұл теңгемен шаққанда 26 миллионнан асады).

Жақында «Ақтөбенің» алғашқы оқу-жаттығу жиыны бастау алды. Батысқазақстандықтар Түркияға 20-дан астам ойыншы әкетті. Тізімге көз жүгіртсеңіз, сіз тануыңыз мүмкін футболшылар саусақпен санарлық. Самат Смақов, Юрий Логвиненко мен Сергей Хижниченкодан бөлек, Евгений Левин мен Абылайхан Тотайды тануыңыз мүмкін. Қалғандары байқауға келген жас футболшылар ғана. Демек, алдағы маусымда «Ақтөбенің» құрамы 95 пайызға өзгеруі мүмкін. Жаңа бас бапкер мен жаңа ойыншылардың өзара тандемі қалай боларын жаңа маусым көрсетер. Әйтеуір, Қазақстанның футбол астанасында бірінші нөмірлі спорт құлдырап кетпесе болғаны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или