Дуглас Коста алимент төлемегені үшін іздеуде

Дуглас Коста алимент төлемегені үшін іздеуде

Бразилиялық футболшы Дуглас Костаға алимент төлемеді деген айып тағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Порту-Алегри соты 35 жастағы бұрынғы «Ювентус» ойыншысына қамауға алу ордерін шығарды. Себебі – 492 965 реал (78 мың еуродан астам) көлеміндегі қарыз.

Футболшы отыз күнге түрмеге қамау жазасына кесілген. Айта кетейік, ол екі жыл бұрын «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында жүргенде де осындай іске іліккен болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ордер екі жылға жарамды және Костаны кез келген сот немесе полиция өкілдері қамауға ала алады.

Сондай-ақ Дуглас Коста өнер көрсеткен «Сидней» клубы футболшымен келісімшартты бұзды. «Клуб пен ойыншы келісімге келіп, контракт үзілді. Құқықтық және жеке мәселелерге байланысты Дуглас Коста елден шыға алмайды», – делінген австралиялық команданың мәлімдемесінде.

УЕФА Чемпиондар лигасы: Алғашқы тур ойындарының нәтижесі

Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или