Бауыржан Шерхан: «Жергілікті бапкермен тек жоғарыға ғана ұмтыламыз»

«Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Шерхан «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында команданың жаңа бас бапкері Нұрмат Мырзабаев жайлы айтып берді.

- Былтырғы маусымда мен аз ойнадым, себебі бас бапкер басқа ойыншыларға үміт артты. Бұған қоса маусым соңында жарақат алдым. Қазір «Тараздың» оқу-жаттығу жиынында жүрмін.

- Команданың жаңа бас бапкері Нұрмат Мырзабаев жайлы пікіріңіз қандай?

- Нұрмат Мырзабаев - жергілікті бапкері, ол командада бұрыннан бері жұмыс істейді. Жергілікті бапкермен тек жоғарыға ғана ұмтыламыз деген ойдамын. Басты мақсатымыз - бірінші алтылыққа ену.

- Жаттығулар қалай өтуде?

- Жиында бапкерлік құрам жас ойыншыларды бақылауда.

- Нұрмат Мырзабаев жаңа маусымда сізге үміт арттады ма?

- Бұл тек чемпионат барысында белгілі болады. Әйтсе де бәрі өзіме байланысты ғой.

- Қазіргі оқу-жаттығу жиыны қашанға дейін жалғасады?

- Тараздағы ОЖЖ қаңтардың 26-на дейін жалғасады.

- Футболдан бос уақытында немен айналысасыз?

- Бос уақытымды отбасымен бірге өткіземін. Кейде достарыммен қалада қыдырамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или