«Реал» мен «Атлетико» жаңа ойыншыларды тіркеу құқығынан айырылды

Халықаралық футбол федерациясы мадридтік «Реал» мен «Атлетикоға» жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды, деп хабарлайды rg.ru сайты.

Федерация екі трансферлік кезеңге тыйым салып отыр. Клубтар жаңа футболшыларды тіркеуге өтініш беруде регламентті бұзған. Бұл ақпарат ресми түрде бүгін хабарланады деп күтілуде.

Бұған дейін «Барселонға» осындай шектеу салынған болатын. Каталондықтардың да 2016 жылдың қаңтар айына дейін жаңа ойыншыларды тіркеу құқығы болмаған.

ФИФА мадридтік клубтардың бір жылғы трансферлік саясатын зерделеген. Тексеру кезінде айрықша жағдай болмаса 18 жасқа толмаған ойыншыларды алмау жөніндегі талаптардың сақталуы қадағаланған. Сонымен қатар, ФИФА Испания футбол федерациясына ұлттық біріншіліктегі кәмелетке толмаған легионерлердің барлығына қатысты құжаттарды сұратуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или