Момоду Сисей әуесқой командамен жаттығып жүр

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Момоду Сисей израилдің «Маккаби» клубынан кетіп, қазіргі таңда Отанында әуесқой командамен жаттығу жұмыстарын жасауда. Бұл туралы гамбиялық ойыншының өзі мәлімдеді.

- Қазіргі таңда Гамбиядағы өзімнің үйімдемін. Жергілікті әуесқой командамен жаттығу жұмыстарын өткізіп тұрамын. Қазақстандағы жағдайды да назардан жібермеймін. Сіздердің ұлттық валюталарыңыздың мәселесі жайында естіген болатынмын. Әзірге ешқандай клубтан ұсыныс түспеді.

Былтырғы маусымда гамбиялық футболшы «Қайраттан» кетіп, «Атырауға» қосылу керек болатын. Алайда ол Нетани қаласының «Маккаби» клубына ауысты. Жаңа командасында 11 ойынға қатысып, жалғыз гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или