Сидельников «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Kazfootball.kz сайтының мәліметтеріне сүйенсек, шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Андрей Сидельниковке алматылық «Қайрат» қызығушылық танытуда.

Егерде Сидельников «Қайраттың» ұсынысын қабылдаса, онда ол алматылық клубтың қақпашысы Владимир Плотниковпен негізгі орын үшін бәсекелеспек. Естеріңізге сала кетсек, «Қайраттың» екінші қақпашысы Сергей Ткачук биылғы маусым алдында алматылық клубтан кеткен болатын. Сондай-ақ, Сидельников «Атырауға» ауысуы мүмкін.

Қазақстанда Сидельников 2008-ші жылдан бері ойнап келеді. Жеті жыл ішінде Сидельников бірнеше рет Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын жеңген еді. Былтырғы маусымды 35-жастағы қақпашы шымкенттік «Ордабасыда» өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или