Қазақстан жастар құрамасы «Зенит» футболшыларын ұтты

«Достастық Кубогы» турниріне дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матч өткізді.

Біздің құраманың қарсыласы 2015/2016 маусымның екінші жартысына дайындық жүргізіп жатқан «Зенит» футбол клубының жастар құрамы болды. Қазақстан құрамасында келесі футболшылар алаңға шықты: Голубничий, Агайсин, Жұмағали, Аслан, Куксин, Антипов, Гладченко, Тулиев, Воменко, Тұңғышбаев, Айымбетов. Бірінші таймның қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар 1:0 есебімен алға шықты. Голдың авторы - Абат Айымбетов.

Екінші таймда Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Әбдуәлиев 8 ойыншыны алмастыпы, барлық футболшының ойынға қатысуына мүмкіндік берді. Екінші таймда ойнаған құрам мынандай: Павлов, Жұмағали, Әділханов, Аслан, Соколенко, Лебедев, Төлиев, Сүлей, Таубай, Хайруллин, Әлмұрзаев.

Екінші таймда қазақстандық футбошылар тағы екі мәрте дәлдік танытты. Голдарды Иван Антипов пен Темірлан Әлмұрзаев соқты. Қарсыластар бір гол қарымта қайтарды.Қорытынды есеп 3:1.

Бұл ойын 17-24 қаңтар аралығында өтетін «Достастық Кубогы-2016» турниріне соңғы дайындық болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или