Оралхан Өміртаев : «Бізге үлкен үміт артылатынын жақсы түсінеміз»

Оралхан Өміртаев : «Бізге үлкен үміт артылатынын жақсы түсінеміз»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы Оралхан Өміртаев «PROСПОРТ» тілшісіне алдағы жоспарларымен бөлісіп, «Гранаткин мемориалы» жарысындағы нәтижелері жайлы айтып берді.

- «Гранаткин мемориалы» халықаралық жарысындағы Ресей, Финляндия және Эстония құрамаларына қарсы матч жайлы айтып өтсең.

- Барлық ойынға тек жеңіске жетсек екен деп шықтық.  Әр кездесу қызықты әрі қиын өтті. Біздің топта әлсіз құрама болған жоқ. Жарысқа қатысуға келген барлық командалар белгілі бір нәтижеге жетуді алдына мақсат етіп қойғаны. Ресейге қарсы алғашқы ойынымыз біздің ойлағанымыздай болмай шықты. Олар жеңіске лайық болды.

Ал Финляндия құрамасынан 1:0 есебімен минималды жеңілдік. Алайда кейбір тұста біз қарсыласымыздан мықтырақ көріндік. Бірінші таймда қақпамызға гол өткізіп алғаннан кейін шабуылға ден қойдық, бірақ жолымыз бола қоймады.

Эстониямен ойында алғашқы ұпайымызға қол жеткіздік. Алаңда 100 пайызға беріліп ойнадық, сол себепті матч соңында таразы басын теңестіре алдық.

Топтық кезеңдегі соңғы кездесуде жеңіске жеттік. Молдова құрамасынан барлық жағынан басым түстік деп ойлаймын. Бізге, Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін, елімізді халықаралық додада жақсы жағынан көрсету маңызды. Кейбір тұста сәттілік жетіспеді, кейбір жерде тәжірибеміз аздық етті. Алайда бұл турнир бізге үлкен тәжірибе берді. Кез келген футболшы қателеседі, тек сол қатеден сабақ ала білу қажет.

- Бұданда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін не жетіспеді деп ойлайсың?

- Кішкене сәттілік жетіспеді және өзіміз керек емес қателіктер жасадық. Бірақ, не дегенмен, қарсыластарымызға қарғанда нашар ойнадық деп айта алмаймын.

- Жарыс басталардың алдында бас бапкер қандай мақсат қойды?

-  Бапкеріміз ең жоғарғы нәтижеге жетуімізді талап етті. Жаттықтырушылар өте көп жұмыс атқарды. Әрқайсымыздың қателіктерімізді саралап, дұрыстап отырды. Ойрат Садуов мырзаға бізге сенім артқаны үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Бізге үлкен үміт артылғанын бәріміз түсінетін едік. Сол себепті әр кездесуде барымызды салып ойнадық.

- «Шахтермен» келісімшарт мерзімің қай уақытқа дейін жасалған?

- Мен қарағандылық футбол клубтың ойыншысымын. 2015 жылғы маусымды осы команданың сабында өткіздім. Бұл менің мансабымдағы алғашқы клуб. Былтырғы жылы негізгі құрамда ойнауға ұсыныс түскенде өте қатты қуандым. Командада қашанға дейін болатынымды айтпай-ақ қойсам. Бірақ жас футболшы ретінде туған клубыма пайдамды әкеліп, қарағандылық жанкүйерлердің үмітін ақтағым келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или