Илья Воротников: «Шахтермен» ауызша келісімге келдім»

Былтыр «Тараз» намысын қорғаған футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Илья Воротников «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- «Шахтерде» дәрігерлік тексерістен өттім. Қазір командамен бірге Сатпаевте алғашқы оқу-жаттығу жиынында жүрмін. Ауызша «кеншілермен» келісімге келдім, бірақ ресми түрде келісімшартқа отырған жоқпын.

- «Шахтерде» алаңға жиі шығуыңыз мүмкін. Мақсатыңыз Қазақстан құрамасына қайта шақырту алу ма?

- Әрине, сол мақсатта «Шахтерді» таңдадым.

- Басқа командалардан ұсыныс түскен жоқ па?

- Түсті. «Таразбен» де келіссөздер жүргізудемін. Басқа да командалардан ұсыныстар бар.

- «Тараздың» жаңа бас бапкері Нұрмат Мырзабаев жайлы пікіріңіз қандай?

- Ресми түрде Мырзабаевты бас бапкер қызметіне тағайындады. Ол қазір команданы жасақтауда. Былтыр ол Яровенконың көмекшісі болған. Арно Пайперсті жұмыстан босатқан соң Мырзабаев уақытша «Таразды» баптаған. Өзін мықты қырынан көрсете алды. Мырзабаев өте сауатты әрі мықты маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или