Константин Энгель жаттығу жұмыстарына кірісті

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Константин Энгель жарақатынан айығып келеді.

Бундеслигадағы «Ингольштадт 04» командасында өнер көрсететін Константин Энгель жарақатынан айығып, бұрынғы бабына келуде. Естеріңізде болса, Энгель қараша айында тізесін жарақаттап алған болатын.

- Өзімді жақсы сезінудемін. Тіземді толықтай емдедім. Енді жақын арада командаға қосыламын деген үміттемін. Әзірге, ақырындап жаттығу жұмыстарына кірістім, - деді 27-жастағы қорғаушы.

«Ингольштадт 04» клубы қазіргі таңда Германия чемпионатында 11-ші орында келеді. Энгель болса биылғы маусымда тек үш кездесуге ғана қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или