Нұрмат Мырзабаев - «Тараздың» жаңа бас бапкері

«Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне Нұрмат Мырзабаев тағайындалды.

Бұл туралы тараздық клубтың ресми сайтынан белгілі болды.

43-жастағы Жамбыл футбол мектебінің түлегі Нұрмат Мырзабаев кәсіпқой футболшы мансабын 1994-ші жылы «Тараз» клубында бастаған болатын. Үш маусым бойы «Таразда» өнер көрсеткен Нұрмат артынша «Ертіс», «Аксесс-Есіл», «Ақтөбе» клубтарында ойнады. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының ойыншысы болған. 2014-ші жылы Арно Пайперстің қызметінен босатылуына байланысты «Тараздың» уақытша бас бапкері қызметін атқарған.

Былтыр тараздық клубты Евгений Яровенко жаттықтырған болатын.

«Тараздың» жаңа бас бапкері Мырзабаев алдағы маусымда жергілікті ойыншыларға үміт артпақ. Осыған байланысты алғашқы оқу-жаттығу жиынға «Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Берік Айтбаев, «Қайратта» өнер көрсеткен Бауыржан Байтана және «Тобылдың» футболшылары Нұртас Кургулин мен Олег Недашковский шақырту алды.

inform.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или