Азия чемпионаты: Ұлттық құрама мергендері финалға шыға алмады

Азия чемпионаты: Ұлттық құрама мергендері финалға шыға алмады

Шымкент қаласындағы нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында әйелдер пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудан іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұнда Ұлттық құрама спортшылары ақтық сынға шыға алмады. Олардың нәтижесі мынадай:

  • Елизавета Безрукова - 24-орын (627.3 ұпай)
  • Александр Ле - 26-орын (627.2 ұпай)
  • Арина Малиновская - 31-орын (625.9 ұпай)

Бүгінгі ересектердің іріктеуі өте жоғары көрсеткіштермен есте қалды. Мұның дәлелі 6 рекорд. Мысалы, көш бастаған Қытай құрамасының спортшысы Лю Яфэй 635.4 балл жинады. Бұл іріктеудегі ересектер мен жасөспірімдер арасындағы жаңа Азия рекорды! Одан кейінгі сатыдағы Оңтүстік Корея өкілінің еншісінде 635.1 ұпай. Жалпы финалға жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы өтті.

Командалық сайыста Қытай құрамасы ересектер мен жасөспірімдер санатында әлем және Азия рекордын орнатып (4 рекорд), жеңімпаз атанды. Қазір Шымкентте тіркелген үздік меже - 1902 балл. Күміс Оңтүстік Корея (1897 ұпай), қола Үндістанда. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы 7-сатыда.

Азия чемпионаты: Стенд атудан Қазақстан құрамасы финалға шықты

Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында 9 медаль еншіледі

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или