Оқ атудан қазақстандық спортшы Никита Чирюкин рейтингте көш бастады
Оқ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Никита Чирюкин Азияның жаңартылған ASC рейтингінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Чирюкин 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан 1500 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Сонымен қатар, үздік ондыққа Қазақстан атынан Константин Малиновский де енді. Ол 50 метрден кіші калибрлі мылтықпен үш позициядан оқ ату бойынша бесінші орында.
Әйелдер арасында дәл осы дисциплинада Александра Ле жетінші орынды иеленді.
Ал Валерий Рахимжанов пневматикалық тапаншамен 10 метрден оқ ату бойынша рейтингтің бесінші сатысына орналасты.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или