Қазақстандық спортшы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңіне қатысты

Қазақстандық спортшы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңіне қатысты

Буэнос-Айресте (Аргентина) нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш жарыс аясында Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан финалға жолдама алды.

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен атудан сәтті өнер көрсетті.

Финалдық бәсекеде Рахимжан сегізінші орынды иеленді. Бірінші орынды қытайлық Ху Кай, екінші орынды ресейлік Антон Аристархов, ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Джейсон Солари жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или