Лионель Месси бесінші рет «Алтын доп» иегері атанды

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси бесінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды.

Месси каталониялық клубпен бірге Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасын, Еуропа Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.

Аргентиналық футболшы 2015 жылы клуб пен құраманы қосқанда 61 матчта 52 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.

Лионель Мессиден бөлек әлемнің үздік футболшысы атағына оның командаласы Неймар мен «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду үміткер болған. Месси бұған дейін 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары «Алтын доп» иегері атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или