«PRОСПОРТ» болжамы. «Алтын доп» Мессиге бұйырады

«PRОСПОРТ» тілшісі 2015-ші жылдың ең үздік футболшысы атағына кім лайық екенін анықтап көрді.

1 – үміткер. Лионель Месси («Барселона», Аргентина)

Жасы: 28

Бойы: 169 см

Салмағы: 67 келі

Статистикасы: 61 ойын, 52 гол, 26 нәтижелі пас

2014/15 маусымындағы жетістіктері: Испания чемпионы, Испания кубогының иегері, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Америка кубогының күміс жүлдегері.

Төрт дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси былтыр керемет маусым өткізіп, өзінің бесінші жүлдесін алуға өте жақын. Жалпы, «Алтын Доп-2015» жүлдесі Мессидің еншісіне кететініне ешкімде күмән жоқ деп ойлаймын. Себебі, Месси былтыр «Барселонамен» барлық жарыстарда топ жарды. Испания чемпионаты мен кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда каталондықтар туриндік «Ювентусті» артта қалдырған болатын. Ал Ұлттық құрама сапында Месси Америка кубогының финалына дейін жетті. Мессидің өкінішіне қарай, Аргентина финалда Чилиді ұта алмады. Соған қарамастан, Лионель үшін былтырғы маусым өте сәтті өтті. Ал оның Испания кубогының финалында «Атлетик» қақпасына соққан керемет голы – 2015-ші жылдың ең үздік голдардың қатарында. Ал «гол+пас» жүйесі бойынша Лионель Месси Еуропада ең жоғарғы көрсеткішке ие – 79 ұпай. Сондай-ақ, Мессидің дриблинг көрсеткіші де керемет – 168 рет ойыншыны сәтті алдаған. Бұл Еуропадағы ең жақсы нәтиже. Тағы бір айта кетер жайт, Лионель Месси былтыр «Барселона» қатысқан барлық алты жарыста кем дегенде бір голдан соққан.

2 – үміткер. Криштиану Роналду («Реал Мадрид», Португалия)

Жасы: 30

Бойы: 186 см

Салмағы: 80 келі

Статистикасы: 57 ойын, 57 гол, 17 нәтижелі пас

2014/2015 маусымындағы жетістіктері: Испания чемпионатының күміс жүлдегері

Былтыр үшінші рет «Алтын Доп» жүлдесінің иегері атанған Криштиану Роналду 2015-ші жылы «Реалмен» бірге аса үлкен жеңістерге жеткен жоқ. Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ювентустен» ұтылған «Реал» Испания чемпионатында да «Барселонаға» төтеп бере алмады. Португалиялық шабуылшы былтыр УЕФА Чемпиондар лигасының үздік бомбардирі және Испания чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Нәтижесінде Криштиану «Алтын бутсы» жүлдесін төртінші рет ұтып алды. Бір маусым ішінде Роналду қақпаға 91 соққы жасады. Демек, Криштиану шамамен әр матчта жеті соққы жасады. Бұл да Еуропадағы ең жоғарғы нәтиже. Ал қыркүйек айында Криштиану Роналду небәрі 30-жасында өзінің кәсіпқой мансабындағы 500-ші голын соққан болатын. Бірақ мадридтік клубтың былтыр аса үлкен жеңістерге жетпегінін ескерсек, Криштиану Роналдуның биыл «Алтын Доп» жүлдесін алуы екіталай. Қос каталондық ойыншылар Лионель Месси мен Неймардың мүмкіндіктері жоғарырақ көрінеді.

3 – үміткер. Неймар («Барселона», Бразилия)

Жасы: 23

Бойы: 175

Салмағы: 68 келі

Статистикасы: 62 ойын, 45 гол, 17 нәтижелі пас

2014/15 маусымындағы жетістіктері: Испания чемпионы, Испания кубогының иегері, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Міне қатарынан бірнеше жыл бойы үздік футболшы атағына Лионель Месси мен Роналду таласып келеді. Ал үздік үш ойыншының тізіміне іліну – үлкен жетістік болып саналады. Бұл жолы «Алтын Доп-2015» жүлдесіне үміткер үш ойыншының тізіміне былтыр өте керемет маусым өткізген Неймар енді. «Барселона» сапында былтыр ең көп ойын өткізген ойыншы да осы Неймар екен. Бразилиялық жас талант жыл сайын дамуда. Қазірдің өзінде, Неймар «Барселона» мен Бразилия құрамасының жетекші ойыншыларының бірі. «Барселона» сапында Неймар Испания суперкубогынан тыс барлық жарыстарда топ жарды. Жалпы, бразилиялық талант әрбір қатысқан турнирде бомбардирлер тізімінде жоғары орындарда тұрды. Сондай-ақ, Неймар Мессимен бірге дриблинг көрсеткіші бойынша Еуропадағы үздіктер қатарында. Мессиде 61 сәтті дриблинг тіркелсе, Неймардың еншісінде – 51. Сондай-ақ, Неймар Чемпиондар лигасының финалында «Ювентус» қақпасына гол соққан. Ал бұған дейін ПСЖ мен «Бавария» сынды командаларының қақпасына доп енгізген. Қыркүйек айында Месси жоқ та, осы Неймар «Барселонаның» ойынын әрлендірген. Суарес екеуі тіпті «Барселонаның» 90 пайыз голдарын соғып, қазір Испания чемпионатының үздік бомбардирлер тізімінде көш бастап келеді. Бірақ соған қарамастан, биыл «Алтын Допты» Месси алатын шығар.

«Алтын Доп-2015» жүлдесін марапаттау рәсімі қаңтардың 11-і, Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или