«Ордабасы» Юнузович пен Симчевичті қатарында сақтап қалғысы келеді

Шымкенттік «Ордабасы» клубы хорватиялық шабуылш Эдин Юнузович пен сербиялық қорғаушы Александр Симчевичті қатарында алып қалмақ.

31-жастағы Юнузович былтырғы жылдың жазында «Ордабасының» сапына қызылордалық «Қайсардан» ауысып келген болатын. Шымкеттік команданың жейдесінде 13 ойын өткізіп, 5 мәрте гол соққан.

Ал 28-жастағы Симчевич қарағандылық «Щахтер» клубынан келген еді. Негізгі позициясы қорғаушы болған сербиялық ойыншы «Ордабасы» сапында өзінің жаңа қырларымен көрінді. Бапкерлер құрамы оны шабуылшы ретінде де ойнатып көрді. Осылайша, 31 матчта 4 гол және 4 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или