Мұрат Онал Голландия чемпионатында өнер көрсетеді

Түркиядағы қазақ Мұрат Онал бұған дейін бірінші лигадағы шымкенттік «Қыран» командасында ойнаған. Енді ол голландиялық футбол клубының ойыншысы болды.

Бұл туралы tengrinews.kz ақпараттық порталы мәлімдеді. Мұрат Онал Голландия чемпионатындағы үшінші дивизионында көш бастап тұрған «Лиссе» командасына ауысты. Оның жаңа командасы қазіргі уақытта жоғарғы дивизионға өтуге үміткер болып отыр.

Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы «Қыран» командасына екі маусым ойнады. Бұл уақытта ол 28 гол соқты. Сонымен қатар, форвард бірінші лигадағы үздік бомбардир атанды. 2011 жылы Онал қарағандылық «Шахтер» командасына ауысуды жоспарлаған, алайда бұл клубқа өте алмады. Сол уақытта қазақ жігіті Голландияда тұрып жатқан.

Сұхбаттарында ол азаматтығын ауыстырып, Қазақстан құрамасына ойнауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или