Руслан Эсатов: «Бас бапкерді федерация таңдау керек. Әйтпесе нәтижеге кім жауап береді?»

Руслан Эсатов: «Бас бапкерді федерация таңдау керек. Әйтпесе нәтижеге кім жауап береді?»

Жамбыл футболының түлегі, «Атырау» клубының қорғаушысы Руслан Эсатов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бапкерін сайлау шешімі туралы, өзінің мансабы жайында айтып берді.

— Қай жерде дүниеге келдіңіз, футбол ойнауды қалай бастадыңыз. Сол жөнінде айта кетсеңіз.

— Тараз қаласында тудым. Футболмен 10 жасымнан бастап айналыса бастадым. Алғашқы жаттықтырушым Жафар Фахрудинов болатын. Кәсіпқой футболда алғашқы қадамымды 2004 жылы «Тараз» клубында бастадым. Ал 2009 жылы спорттық мансабымда сәл үзіліс болды, себебі Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскерде бардым. Келер жылы қайта футболға келдім. Содан кейін, 3 жыл «Қайсар» сапында, 2 маусым «Жетісу» командасында ойнадым. Ал «Атырауда» осымен екінші жыл өнер көрсетіп келемін.

— Неге дәл осы спорт түрін таңдадыңыз?

— Не үшін футболды таңдадым дейсіз бе? Үлкен ағам осы футболға алып келгеннен басталды бәрі. Ол кезде ғаламтор да, ұялы телефон да болмайтын. Барлық уақытымызды көшеде доп тебумен өткізетінбіз. Сөйтіп, сөйтіп Премьер-Лиганың деңгейіне де жеттік.

—  Былтырғы жыл сіз үшін қалай өтті?

— Маусымның басын жарақатыма байланысты өткізіп алдым. Ал сосын біртіндеп бабыма келіп, бапкерлер маған сенім арта бастады. Негізі маусым жақсы өтті, бірақ 5-ші орын көрсеткіш емес. Ары қарай да жұмыс атқару қажет.

— «Атыраумен» келісімшартыңыз аяқталды ма?

— Иә, аяқталды. Алайда менің агентім келісімшарт мерзімін ұзартып берді. 12-ші қаңтар күні Түркияға алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін барамыз.

— Премьер-Лиганың өзге командаларынан ұсыныстар болды ма?

— Нақты тек екі клубтан ұсыныс болды. Олар: «Атырау» мен «Тараз».

— Еліміздегі футболдың жағдайы қалай, қуанатын тұсы, көңілге кірбің түсірер сәті...

— Балалар футболына баса назарды аудара бастағандары көңіл қуантады. Біздің уақытта қазіргідей жағдай болмаған еді. Ал көңілге кірбің түсіретіндігі, кейбір қаладағы алаңдардың сапасы өте төмен.

—Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерін халық «таңдайды» деген жаңалықты қалай қабылдадыңыз?

— Менің ойымша, жаттықтырушыны федерацияның өзі таңдау керек. Себебі, нәтижені халық федерациядан, федерация бапкерден, ал бапкер футболшылардан сұрайды. Халық жаңа келетін жаттықтырушыдан ол қандай жоспармен келетінін сұрай алмайды ғой. Әйтпесе нәтиже үшін жауап береді?

Айта кетейік, Руслан Эсатов «Атырау» сапында 24 ойынға қатысқан. Ал оған дейін, «Тараз», «Каспий», «Асбест», «Лашын», «Қайсар», «Жетісу» секілді бірқатар Премьер-Лига мен Бірінші Лига командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или