Яя Туре: «Обамеянг – Африканың үздік ойыншысы? Бұл масқара»

Британдық «Манчестер Сити» клубының жартылайқорғаушысы Яя Туре «2015 жылғы Африканың үздік ойыншысы» атағын «Боруссия» футболшысы Пьер-Эмерик Обамеянгтың жеңіп алғандығына көңілі толмайтындығын жеткізді.

«Менің өте қатты көңілім қалды. Африкалық жетістіктерге көзін жұмып қарайтын Африкаға жаным ашиды. Бұл Африканы мазаққа айналдырады, сол себепті бұлай істеуге болмайды. Бірақ біздің қолымыздан не келеді? Біз, африкалықтар, Африканы өзіміз қадірлемейміз. Бізге өз құрлығымыздағы емес, өзге елдегі жетістіктер маңыздырақ. Бұл ұят нәрсе. Бір мысал айта кетейік, 2014 жылы Месси мүмкін болар барлық жүлделерді жеңіп алды, алайда «Алтын допты» Роналду алған еді. Сіз не дейсіз? Бұл әділетсіздік. Тіпті жемқорлыққа белшесінен батқан ФИФА-ның өзі Африка футболы Конфедерациясы (CAF) істеген әрекетке бара алмас еді. Яя өзіне қамқорлық етеді және Африкаға да өзіне қамқорлық етуге мүмкіндік жасап береді. Африкаға қатты көңіл бөлмеу керек, себебі ол сені бірінші болып «лақтырып» кететіндігін бұрыннан айтып келемін. Еуропаға қайта оралғанда маған көптеген сұрақтар қойылады. Сол кезде бар шындықты айтамын, өйткені мен әрқашанда тек адалдықты қолдаймын», – дедіТуре Sport Witness сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или