«Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» қатысатын еурокубоктардың жеребесі. Тікелей трансляция

«Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» қатысатын еурокубоктардың жеребесі. Тікелей трансляция

Дүйсенбі, 21 шілдеде Ньонда (Швейцария) еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтіп, оның қорытындысы бойынша «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» клубтарының ықтимал қарсыластары анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жеребе рәсімі Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. «Қайрат» Еуропадағы басты клубтық турнирде Қазақстан намысын қорғайды: бірінші айналымда алматылық клуб словениялық «Олимпияны» жеңді (3:1), ал екіншіс кезеңде финдік «КуПС» командасымен кездеседі. «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып қалса, Еуропа лигасының үшінші кезеңіне жолдама алады. Бұл турнирдің жеребе тарту рәсімі сағат 16:00-де басталады.

«Астана» мен «Ақтөбе» командалары ойнайтын Конференция лигасының үшінші кезеңіне жеребе рәсімінің тікелей трансляциясы сағат 17:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или