Қазақстан құрамасы Гранаткин Мемориалында Эстониямен тең түсті

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалындағы үшінші кездесуін өткізді.

Бұл жолы Ойрат Сәдуовтің командасы Эстония құрамасымен кездесті. Алдымен, матчтың 29-шы минутында «Қайраттың» түлегі Акмаль Бахтияров Қазақстан құрамасын есепте алға шығарды, бірақ араға он минут салып Роберт Лепик есепті теңестірді. Ал ойынның 87-ші минутында Эстонияның ойыншысы Каспер Мутсо пенальтиден есепті 2:1-ге жеткізсе, бір минуттан кейін Әлібек Қасым таразы басын теңестіре алды. Осылайша, кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Гранаткин Мемориалы. В Тобы. 3-ші тур.

Эстония – Қазақстан 2:2 (1:1)

Голдар: Бахтияров 29, Лепик 39, Мутсо 87 (пенальтиден), Қасым 88

Эстония: Валлнер, Виллота, Липп, Мутсо, Падар, Лепик (Каос 73), Ридамае, Кантер (Михайлов 73), Картау (Куусма 56), Сорга, Каннел

Қазақстан: Подымский, Мұзарапов, Сарбай (Кусяпов 60), Қасым (К), Бахтияров, Наджарян (Ақынов 83), Попов (Уханов 76), Артюшенко, Өміртаев, Жагоров (Попов 83), Қуанышев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или