Пакьяо қазіргі ең мықты төрт боксшыны атады

Әйгілі филиппиндік боксшы, алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Мэнни Пакьяо қазіргі таңда салмаққа қарамастан ең үздік деп санайтын төрт боксшының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Пакьяо таңдаған спортшылардың қатарында Теренс Кроуфорд (АҚШ), Наоя Иноуэ (Жапония), Александр Усик (Украина) және Сауль «Канело» Альварес (Мексика) бар. Барлығы — өз салмақтарында чемпион атанып, әлемдік бокстың дамуына үлес қосып жүрген танымал есімдер.
Мэннидің айтуынша, бұл төрттік тек жеңістерімен емес, шаршы алаңдағы шеберлігімен және жанкүйерлерге әсер етуімен де ерекшеленеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или