Саудиялық инвестор Канелоның болашағын өзі шешпек

Саудиялық инвестор Канелоның болашағын өзі шешпек


Сауд Арабиясынан келген ірі инвестор Турки Әл аш-Шейх мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварестің алдағы қарсыластары туралы пікір білдірді.

Айта кетейік, Канело Әл аш-Шейхпен төрт жекпе-жекке арналған эксклюзивті келісімге отырған. Оның алғашқысы өтіп үлгерді: мексикалық боксшы кубалық Уильям Скуллды төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келесі жекпе-жекте, 13 қыркүйекте Канело америкалық Теренс Кроуфордпен кездеседі. Ал қалған қарсыластары әзірге құпия сақталып отыр. Әл аш-Шейхтің айтуынша, мүмкін қарсыластар қатарында Хамза Шираз, Кристиан Мбилли, Дэвид Бенавидес пен Дмитрий Бивол бар.

Осы тұста орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да Канелоға ашық шақыру тастаған. Алайда Альварестен әзірге нақты жауап болған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или