Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына үн қатты

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына үн қатты

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Даниэль Дюбуаға қарсы екінші жекпе-жек алдында Александр Усикке қолдау көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Х әлеуметтік желсінде украиналық спортшыны үздік деп атады:

— Усик — бірінші нөмір! Ол — аңыз! Оған сәттілік тілеймін! Бұл оған оңай болады! — деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Усик пен Дюбуаның алғашқы кездесуі 2023 жылы тамызда өтіп, украиналық боксшы қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген еді.

38 жастағы Усик 23 жеңіске жетіп, жеңіліс тіркемеген. Ол аса ауыр салмақта WBC, WBA, WBO, IBO және The Ring белбеулерінің иегері.

27 жастағы Дюбуаның қоржынында 22 жеңіс пен 2 жеңіліс бар. Ұлыбританиялық боксшы IBF титулының иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или