Футбол. Әйелдер арасындағы ел чемпионатының он үшінші туры өтеді
Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он үшінші туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған турдан кейін бірінші айналым мәресіне жетеді. Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.
Он үшінші турдың ойын кестесі:
«Жеңіс» (Астана) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Қызылжар» (Петропавл) — «Астана»
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ақтөбе»
«Қайрат» (Алматы) — БИІК (Шымкент)
«Атырау» — «Елімай» (Семей)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Тобыл» (Қостанай).
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.