Еркебұлан Тұңғышбаев: «23 жасқа дейін «Ордабасыда» ойнаймын»

Былтырғы маусымды өте сәтті өткізген шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев «PROСПОРТ» тілшісіне алдағы жоспарларымен бөлісті.

—  «Ордабасы» клубымен келісімшартыңыз қанша уақытқа жасалған?

— 23 жасқа дейін мен «Ордабасы» футбол клубына тиесілімін. Сол уақытқа дейін келісімшарт жасалған.

— Өткен жылғы маусымды тамаша өткіздіңіз, шымкенттік клубтың сапындағы үздік ойыншылардың бірі болдыңыз. Ендігі өзге клубтар сізге қызығып жатқан болар.

— Қызғушылықтар бар, бірақ өзім «Ордабасының» сапында өнер көрсеткім келеді.

— Алғашқы ОЖЖ қай жерде өткізесіздер?

— Қазір мен жастар құрамасымен бірге Санк-Петербургте дайындық жұмыстарын өткізіп жатырмын. Ал «Ордабасы» 9-шы қаңтарда бірінші оқу-жаттығу жиынын Түркиядағы Анталия қаласында бастайды.

— «Достастық Кубогында» біздің құраманың мүмкіндіктері қандай?

— Құдай қаласа, тек жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

— Жаңа бапкер Серік Әбдуәлиевпен жұмыс істеу қалай екен?

— Бәрі жақсы, қызықты. Жарысқа қызу дайындық үстіндеміз.

— Алдағы маусымнан не күтесің?

— Командаммен бірге жақсы жетістіктерге қол жеткізуді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» сапында 33 ойын өткізіп, 7 голдың және 4 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или