Уразбахтин: «Біз ойлаған жоспар жұмыс істеді»
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Словенияда өткен Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі «Олимпияға» қарсы алғашқы ойындағы тең нәтижеге қатысты пікір білдірді.
– Біз «Олимпия» бірінші ойында бәрін шешіп алуға тырысатынын біліп бардық. Өз алаңында жанкүйерлердің қолдауы мықты болатынын да түсіндік. Жоспарымыз соған сай құрылды. Ойын жоспары жаман болған жоқ – өз нәтижесін берді, – деді бапкер.
Оның айтуынша, кей ойыншылар ауыстыруды қажет етіп тұрса да, сәл кешігіп қалған. Әсіресе сол қанаттағы футболшы қатты шаршаған. – Екінші нөмірмен ойнаймыз деп алдын ала есептедік. Жалпы, жігіттер тапсырманы шамамен орындап шықты, – деді Уразбахтин.
Айта кетейік, екі команданың қарымта кездесуі 15 шілде күні Алматыда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или