Неймар Риодағы Олимпиада ойындарына қатысады

Неймар Риодағы Олимпиада ойындарына қатысады

Каталондық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Неймар 2016 жылы өз елінде өтетін Олимпиада ойындарына қатысады.

Олимпиада ойындарындағы футбол ережесіне сәйкес, құрама сапына 23 жастан асқан үш ойыншыны қосуға болады. Осыған орай Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Дунга олимпиадалық құрамға «Барселонадан» Неймарды, «Интерден» қорғаушы Миранданы, қақпаға «Интернасионал» ойыншысы Алиссонды шақырып отыр. Футболшылар алдағы уақытта өнер көрсететін клубынан рұқсат алатын болады.

Айта кетейік, Бразилиядағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Неймар Бразилия олимпиадалық құрамасымен 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Финалға дейін жеткен бразилиялықтар шешуші ойында Мексика құрамасына есе жіберіп алған еді.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или