Бокстан Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының сапында өнер көрсететін Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Йожерлен Цезарьмен (Франция) шеберлік байқасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша франциялық боксшы басым түсті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы күміс медальді салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или