Назым Қызайбай бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Назым Қызайбай бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды


Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын медалі үшін үндістандық Минакшиға қарсы айқасты.

Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или