«Жеңіс» өз алаңында «Ұлытаудан» басым түсті

Астана қаласының «Жеңіс» клубы Премьер-лиганың 15-турында өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» жеңді. Кездесу «Астана Аренада» өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.
Ойын тағдырын екінші таймда соғылған голдар шешті. 77-минутта қонақтар қорғаушысы Демият Сламбеков өз қақпасына гол соғып алса, матч соңына қарай Руи Баталья есепті еселей түсті — 90+4.
Осы жеңістен кейін «Жеңіс» 17 ұпаймен турнир кестесінің 8-орнына көтерілді. Ал «Ұлытау» 12 ұпаймен 12-сатыда қалып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или