«Астананың» ойыншысы жапониялық клубқа ауысты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Словениялық қорғаушы Бранко Илич Қазақстан чемпионы сапынан жапониялық «Урава Ред Даймондс» командасына ауысты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Словения құрамасының ойыншысы Бранко Илич «Астана» сапында тек жарты жыл ғана ойнады. Илич елордалық клубпен Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Бранкодан тыс жақын арада «Астанадан» Неманья Максимович кетуі мүмкін.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, жапониялық «Урава Ред Даймондс» сапында кезінде Чики Бегиристайн, Эдмундо мен Юрий Никифоров сынды белгілі ойыншылар ойнаған болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или