Михаил Голубничий: «Достастық кубогында топтан шыға аламыз»

Қазақстан жастар құрамасы мен елордалық «Астана» клубының қақпашысы Михаил Голубничий Санк-Петербург қаласында өтетін «Достастық Кубогы» жайлы ойымен бөлісті.

- Жаңа жылдық демалысты қалай өткіздіңіз?

- Демалыс ұзақ бола қойған жоқ. Қазір жастар құрамасымен бірге оқу-жаттығу жиынындамын. «Достастық Кубогына» дайындықты бастап кеттік.

- Бұл жарыста біздің құраманың мүмкіндіктері қандай?

- Менің ойымша, топтан шығып, жүлде үшін таласқа түсе аламыз. Ол үшін бар күшімізді саламыз! Әр ойынға деген мақсат бір - жеңіске жету.

- Жаңа бапкер Серік Әбдуәлиев жаттығу жұмыстарын өткізді ме?

- Төрт жаттығу өткіздік. Дайындық жұмыстары әрі қызық, әрі пайдалы!

- «Астанамен» келісімшарт мерзімі қай уақытқа дейін жасалған?

- 2017 жылға дейін келісімім бар.

- Өзге командалардан ұсыныстар түспеді ме?

- Қазір бар ойым тек «Астанамен» және Қазақстан жастар құрамасымен байланысты, өзге нәрсе жайлы ойламаймын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или