Серік Әбдуәлиев: «Құрама алдына жоғары міндеттер қойылады»

Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогы халықаралық турниріне қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жиналды.

Оқу-жаттығу жиынында команда алдына қандай міндеттер қойылатыны жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Әбдуәлиев айтып берді.

- Басты міндет - команда және жаттықтырушылар штабымен жылдам танысу. Еңбек демалысына қарамастан, футболшылар құрамаға үлкен ынтамен оралды. Барлығы тер төгуге дайын. Санкт-Петербургте өтетін оқу-жаттығу жиынында екі жолдастық матч өткізіп, Достастық Кубогына қатысамыз.

- Достастық Кубогында команда алдына қандай талаптар қойылады?

- Биыл турнир қысқарақ. Топтық кезеңнен кейін жүлделі орынға таласады. Біздің топта деңгейі қарайлас командалар жиналды. Сол себепті әр ойында жоғары міндет қойылады. Әр ойында жеңіске жету үшін алаңға шығамыз.

- Наурыз айында Босния және Герцеговина құрамасымен ресми матч өтеді. Бұл ойынға дайындық қалай болмақ.

- Өкінішке қарай, мен әлі Босния және Герцеговина құрамасымен өткен ойынды көрген жоқпын. Алайда, Алматыда Швейцариямен өткен кездесуді тамашаладым. Айта кету керек, сол ойында Қазақстан жастар құрамасы жақсы ойнады. Кестеге сәйкес, үш ойынды өз алаңымызда өткізіп, сырт алаңда тек Швейцария құрамасымен кездесеміз. Сол себепті іріктеу кезеңін жақсы аяқтауға мүмкіндік бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или