Дмитрий Шомко: «Шетелдік командалардан ұсыныстар бар»

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Астананың» 25-жастағы қорғаушысы Дмитрий Шомко «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында алдағы маусымға қойған жоспарларымен бөлісті.

- Былтырғы маусым мен үшін ғана емес, жалпы «Астана» футбол клубы үшін де өте сәтті өтті деп ойлаймын. Маусым соңында бірнеше басылымдарының символикалық құрамасына ендім. Бұл мен үшін өте қуанышты жайт. Келер маусымда да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын.

- Ауыр маусымнан кейін демалып үлгердіңіз бе?

- Иә, жақсы демалдым. Әйеліммен бірге Дубайда жаңа жылды қарсы алдық.

- Мансабыңызды Германияда жалғастыруыңыз мүмкін деген ақпарат қаншалықты рас?

- Қазақстаннан тыс басқа елдің командаларынан бірнеше ұсыныс түсті. Қазір нақты айта алмаймын. Бірақ Германия жайлы ештеңе естіген жоқпын.

- Шетелде ойнауға дайынсыз ба?

- Бұны уақыт көрсетеді. Егерде былтырғыдай еңбек етсем, онда ойнай аламын. Жаңа маусым былтырғыданда сәтті өтеді деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или