Атланта жанкүйерлері Мессиге қарсы плакаттар көрсетіп, мазақ етті
АҚШ-та өтіп жатқан клубтық әлем чемпионаты кезінде «Атланта» жанкүйерлері «Интер Майамидің» шабуылшысы Лионель Мессиге қарсы намысқа тиетін баннерлер көтерді, деп жазады Prosports.kz.
Плакаттарда тістері жоқ, басы тақыр етіп салынған Мессидің бейнесі мен «Атлантаның» МЛС-те «Интер Майамиден» басым түскенін еске салатын жазбалар болған.
Ойын Атлантадағы «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында өтіп, француздық ПСЖ 4:0 есебімен жеңіске жетті. Барлық гол бірінші таймда соғылды.
Месси бұл матчта негізгі құрамда алаңға шығып, ойынның толық уақытын өткізді. Алайда ешқандай нәтижелі әрекет тіркеген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или