«Манчестер Сити» - «Әл-Хиләл»: қалталы клубтардың қақтығысы

Ертең, 1 шілде күні таңда клубтар арасындағы әлем чемпинатының 1/8 финалының кезекті матчы өтеді. Таңғы сағат 06:00-де Орландо штатындағы «Кэмпинг Уорлд» стадионында «Манчестер Сити» мен «Әл-Хиләл» командалары кездеседі. Қос комаданың қазіргі әлеуеті мен келесі кезеңге қай ұжымның өту мүмкіндігі жоғары екенін талдап көрелік.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Манчестер Сити»
«Қалалықтар» жаңа форматтағы бұл турнирді өте қарқынды бастады. Турнир алдында төрт транфер жасады. Төртеуі де осы турнирде атой салып жүр. Оған қоса қазіргі «алтып доп» иегері Родри де ұзақ мерзімді жарақаттан кейін қатарқа қосылған болатын. Гвардиола командасы топтық кезеңде ең көп ұпай жинаған жалғыз команда. Топтық кезеңде 13 гол соғып, 2 ғана гол жіберген. Соңғы турда мықты деген «Ювентустың» өзін 5:2 есебімен жеңді. Оған дейін «Әл-Аинды» 6:0 есебімен, ал «Видадты» 2:0 есебімен жеңді. «Ситидің» қазіргі құрамы өткен сәтсіз маусымды жанкүйерлерге ұмыттырып жіберу үшін барын салары анық.
«Әл-Хиләл»
«Әл-Хилал» - өз елінің ең атақты клубы. Алайда, өткен маусым жұлдызды команда үшін сәтсіз аяқталды. Яссин Буну, Калиду Кулибали, Жоау Канселу, Ренан Лоди, Рубен Невеш, Сергей Милинкович-Савич, Малком және Александр Митрович сынды ойыншылары бар ұжым маусымды трофейсіз аяқтады. Сәтсіз маусымнан кейін командаға жаңа бапкер келді. Қазір жұлдызды ұжымды Симоне Индзаги жаттықтырады. Саудиялық клуб топтық кезеңде екінші орын алған болатын. Алғашқы турда «Реалға» қарсы ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін «Зальцбургпен» (0:0) голсыз ойын өткізіп, «Пачуканы» (2:0) жеңді.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі ойынға келесі коэффициенттерді ұсынады:
1.24 – «Манчестер Ситидің» жеңісі.
6.70 – тең ойын.
11.00 – «Әл-Хилалдың» жеңісі.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.